
Табысты болашақтың берік негізі — International Steppe Kindergarten by NIS
Біз балалар әлемді зерттеуге, сұрақ қоюға, бірлесе әрекет етуге және өз әлеуетін сенімді түрде ашуға үйренетін дамытушы білім беру ортасын қалыптастырамыз. IB PYP бағдарламасы баланың білуге құштарлығын, дербестігін және мектепте әрі болашақ өмірінде табысты болуға қажетті дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Ағымдағы оқу жылының желтоқсан айының соңына дейін қабылданған балалар оқыту тілін өзгертпеген жағдайда, International Steppe School of Astana by NIS мектебіне конкурстық іріктеусіз ауыса алады.
топтағы балалар саны
әр топта тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі
2GIS рейтингі
IB PYP — Primary Years Programme бағдарламасы
Біз заманауи педагогикалық тәсілдер мен Халықаралық бакалавриат бағдарламасының (IB PYP) стандарттарын үйлестіре отырып, баланың жан-жақты дамуына арналған орта қалыптастырамыз. Балабақшадағы білім беру International Baccalaureate Primary Years Programme (IB PYP) бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл бағдарлама балалардың білуге құштарлығын, дербестігін, сыни ойлау қабілетін және өз күшіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі. Бағдарлама аясында балалар әлемді алты трансдисциплинарлық тақырып арқылы зерттейді, ойлау, қарым-қатынас, зерттеу, өзін-өзі басқару және әлеуметтік өзара әрекет дағдыларын дамытады, сондай-ақ IB оқушысы бейінінің қасиеттерін қалыптастырады. Мұндай тәсіл бастауыш мектепке жеңіл бейімделуге мүмкіндік береді және әрі қарай табысты білім алуға берік негіз қалайды. Біздің түлектер International Steppe School by NIS мектебінде білімін сенімді түрде жалғастырып, келесі білім беру кезеңіне толық дайын екенін көрсетеді.
- Зерттеуге негізделген және тәжірибеге бағытталған оқыту
- Трансдисциплинарлық тақырыптар: «Біз кімбіз», «Әлем қалай құрылған» және басқа да тақырыптар
- IB оқушысына тән 10 негізгі қасиет
- 3–6 (7) жас аралығындағы балаларға арналған

Ата-аналар бізге сенім білдіреді
Біздің жұмысымызға берілген ең жоғары баға — ата-аналардың пікірлері. Олар өз пікірлерінде қамқор педагогтерді, жайлы атмосфераны, сапалы тамақтануды және балалардың айқын жетістіктерін атап өтеді. 2GIS-тегі ата-аналардың шынайы пікірлерін оқып, балабақшамыздың өмірі туралы көбірек біліңіз.
Жабық аумақ
Жеке ғимарат және өткізу жүйесі бар күзетілетін аумақ.
20 балаға дейінгі шағын топтар
1 тәрбиеші + 1 тәрбиешінің көмекшісі
Бөлек бөлмелер
Ұйықтау, оқу және тамақтану үшін жеке бөлмелер қарастырылған.
Ата-аналар пікірлері
★4.6· 2GIS рейтингі · 131 бағаБалабақшаға үлкен алғысымды білдіремін! Мұнда өте жайлы, жылы атмосфера бар, балаларды әрдайым жақсы тамақтандырады. Тәрбиешілерге жылулықтары, қамқорлықтары және көңіл бөлгендері үшін шын жүректен ризамын — ұлым оларды өте жақсы көреді және сенім артады.
Астанада IB бағдарламасы бойынша шынымен жұмыс істейтін жалғыз балабақша. Әкімшілікпен кері байланыс әрдайым бар. Достарымыздың ұсынысымен таңдадық және бір рет те өкінген жоқпыз.
Балабақша тек академиялық дағдыларды ғана емес, әлеуметтік дағдыларды да дамытады — балалар ынтымақтастық пен эмпатияны үйренеді. IB жүйесі бойынша жұмыс істеуі — үлкен артықшылық. Керемет жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамыз!
Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі білім беру жолы
Білім беру бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың үйлесімді дамуын қолдайды
- IB PYP бағдарламасымен алғашқы танысу
- Жеңіл бейімделу, қамқорлық, бейнебақылау
- Сөйлеу, дербестік және әлеуметтік дағдыларды дамыту
- Ағылшын және қазақ тілдерін ойын мен зерттеу арқылы меңгеру
- Үйірмелер: Dance & Movement, Art Studio, Fun English, Music & Rhythm
- Зерттеуге негізделген оқыту және алғашқы жобалар
- Ойлау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын дамыту
- Шығармашылық, спорттық және зияткерлік бағыттар
- Жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы
- Ата-аналарға тұрақты фото және видео кері байланыс
- Үйірмелер: Dance & Movement, Art Studio, Fun English, Music & Rhythm, Chess Academy, Karate Kids
- IB PYP бағдарламасы бойынша тереңдетілген оқыту
- Әлеуметтік, зерттеу, ойлау, қарым-қатынас және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту (ATL Skills)
- Дербестікті, жауапкершілікті және өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру
- Бастауыш мектепке сенімді дайындық
- International Steppe School by NIS-пен сабақтастық және біртұтас білім беру ортасы
International Steppe Kindergarten by NIS-тен басталатын үздіксіз білім беру жолы
Біздің түлектер бастауыш мектепке жеңіл бейімделіп, оқуын табысты жалғастыруға қажетті білім, дағды және тұлғалық қасиеттерді меңгереді.
Бізді неге таңдайды
Ұжым
Балалармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар халықаралық деңгейде сертификатталған педагогтер.
Тамақтану
Теңгерімді 5 мезгіл тамақтану.
Қауіпсіздік
Жабық аумақ, тәулік бойы бейнебақылау және қатаң өткізу жүйесі.
Кампус
Экологиялық таза ойын алаңдары, шығармашылық пен ғылымға арналған арнайы жабдықталған студиялар.
Балабақшаның ішін көріңіз
Балабақша жеке екі қабатты ғимаратта орналасқан. Мұнда балаларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған.
- Әр топқа арналған кең ойын бөлмесі
- Күндізгі демалысқа арналған бөлек ұйықтау аймағы
- Дене шынықтыру, хореография, музыка және үлкен тенниске арналған залдар
- Даму мен шығармашылыққа арналған заманауи әрі қауіпсіз орта





Салауатты тамақтануды ұйымдастыру және ата-аналармен өзара байланыс
Балалардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануы біз үшін аса маңызды. Сондықтан балабақшада күніне 5 рет теңгерімді ас ұсынылады. Мұндай мәзір балалардың күні бойы сергек, белсенді және көтеріңкі көңіл күйде болуына көмектеседі. Біз ата-аналармен ашық әрі тұрақты байланыс орнатуға мән береміз. Сол себепті балалардың күнделікті ас мәзірі туралы отбасыларды үнемі хабардар етіп отырамыз. «Балам үйге тойып келеді» — ата-аналардан жиі еститін жылы пікірлердің бірі.
Біз қайда орналасқанбыз
Астана, Е-321 көшесі, 6/1
Балабақша ыңғайлы жерде орналасқан: Есіл, Нұра және Алматы аудандарынан жету бар болғаны 10–20 минутты алады
Ата-аналарға арналған ыңғайлы тұрақ және жылдың кез келген мезгілінде балабақшаға қауіпсіз кіреберіс қарастырылған
Жиі қойылатын сұрақтар
Маңызды ақпаратты қысқаша жинақтадық. Қалғанын экскурсия барысында айтып береміз.
Жас топтары және балаларды қабылдау
Балабақшаға 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру үдерісі жас топтарына қарай ұйымдастырылады: ортаңғы топ — 3–4 жастағы балалар; ересек топ — 4–5 жастағы балалар; мектепалды даярлық тобы — 5–6 жастағы балалар.
Сабақтар қай тілде өтеді?
Балабақшадағы білім беру үдерісі билингвалды ортада — қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады. Сонымен қатар бағдарламаға қазақ және ағылшын тілдерін жеке пән ретінде оқыту кіреді. Бұл балалардың тілдік дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепке конкурстық іріктеусіз ауысу шынымен мүмкін бе?
Иә, біздің балабақшаның тәрбиеленушілері белгілі бір шарттар сақталған жағдайда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «International Steppe School of Astana» филиалына конкурстық іріктеусіз қабылдана алады. Шарттары: • бала ағымдағы оқу жылының желтоқсан айына дейін балабақшаға қабылданған болуы керек; • таңдалған оқыту тілі сақталуы қажет; • қабылдау «International Steppe School of Astana» филиалына жүзеге асырылады. Мектепке ауысу тәртібі мен шарттары туралы толық ақпаратты балабақша әкімшілігінен нақтылай аласыз.
Тамақтану қалай ұйымдастырылған?
Балабақшада балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сай келетін күніне 5 рет теңгерімді тамақтану ұйымдастырылған. Ата-аналар тұрақты түрде фото және видео есептер алып отырады.
Топта неше бала?
Топтың толымдылығы — 20 балаға дейін. Топпен тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді.
Балабақшаны келіп көруге бола ма?
Әрине! Біз сізді балабақшамызбен таныстыруға қуаныштымыз. Алдын ала жазылу арқылы экскурсияға келіп, топтарды, ойын және оқу аймақтарын көре аласыз, балабақшаның жабдықталуымен, балаларға жасалған жағдайлармен және білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен таныса аласыз. Біз барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, күн тәртібі, сабақтар және жұмысымыздың ерекшеліктері туралы айтып береміз.